Шымкенттің сотында кәмелетке толмаған баланың құқықтары қорғалды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талап қоюшы О.В.-ның жауапкер №2 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығына баланы анасына қайтарып беру және ата-ана құқықтарын шектеу салдарының күшін жою туралы азаматтық іс қаралып шешім қабылданды.
Еске сала кетейік, Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 20 наурыздағы шешімімен талап қоюшы О.В. кәмелет жасына толмаған қызы О.Д.-ға қатысты ата-ана құқықтарынан шектелген болатын.
Істі қарау барысында талап қоюшы О.В.-ның өз әрекетінің кінәлілігін ұғынбағаны, ана ретінде мiнез-құлқын, тұрмыс салтын және бала тәрбиесіне көзқарасын өзгертпегені, оларды жақсы жағына өзгертуге ниеті де жоқ екені, ол бағытта ешқандай нақты шаралар қолданбағаны анықталған.
Сот, баланы анасына қайтарып беру оның мүдделерiне қайшы келетінін ескеріп, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты.
Шешім заңды күшіне енді.
Сонымен қатар, қазіргі таңда Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талап қоюшы №2 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығының жауапкер О.В.-ны қызы О.Д.-ға қатысты ата-ана құқығынан айыру туралы азаматтық іс қаралуда.
Шымкент қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *