Оқ-дәрілердің жарылысы бойынша іс қаралды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Естеріңізде болса, 2021 жылдың тамыз айында Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Жаңатұрмыс ауылында орналасқан әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында өрт болған еді.
Байзақ ауданындағы әскери бөлімінің оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс туралы іс бойынша жәбірленушілер жақындарының қызметтік міндеттерін атқару кезінде қайтыс болуына байланысты материалдық шығын мен моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы талап қою арыздарымен сотқа жүгінді.
2023 жылы Шымкент гарнизонының әскери сотымен жарылысқа қатысы бар адамдарға қатысты үкім шығарылып, заңды күшіне енген.
Сот денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын назарға алып, талап қоюшыларға келтірілген жан, тән азабының сипатын, орны толмас қайғыдан кейінгі ұзақ емделу мен қалпына келу мерзімін ескере отырып, талап қоюшылардың талабын ішінара қанғаттандырып, әскери бөлімнен талап қоюшылардың әрқайсының пайдасына 1,4 млн теңге мөлшерінде материалдық шығын және 4 млн. теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілді.
Сот шешімдері заңды күшіне енген жоқ.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы