«Тik Ток» желісінде қорлады деп айыпталған азамат ақталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық сотымен К.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 131 бабы 2-бөлігімен (қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн көпшiлiк алдында немесе масс-медианы, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды пайдалана отырып әдепсiз түрде кемсiту) қылмыстық ісі қаралды.
Жеке айыптаушы аз. Б. 2024 жылы 13 мамырда «Тik Ток» қосымшасында, жеке айыптаушының ойынша, адамның абыройы мен қадір- қасиетіне нұқсан келтіретін бейнежазба жариялаған аз.К.-ны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы сотқа шағымданған
Сот, іс құжаттарын зерттей келе, айтылған сөздерде теріс баға беретіндей әдепсіздік көрсету болмаған делінген психологиялық-филологиялық сот сараптамасының қорытындысына сүйеніп, аз.К.-нің ҚР ҚК-нің 131-бабы 2-бөлігі бойынша кінәсіз деп таныды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Шығыс Қазақстан облысы