Полицейге оқылған үкімге әріптестері қатысты. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Бұланды аудандық сотында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы құқық қорғау органдарының бұрынғы басшысы Д. қызметтік бабын пайдалана отырып, алаяқтыққа әрекет жасаған деп ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 190-бабы 2-тармағының 3-бөлігі мен және лауазымды адамға пара беруге итермелеген деген айыппен ҚР ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігі, 367-бабының 2-бөлігі бойынша айыппен қылмыстық іс бойынша жария сот отырысын өткізілді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, үкімді жария етуге ауданның полиция және прокуратура қызметкерлері шақырылды, сондай-ақ онлайн тәртібінде департамент қызметкерлері қатысты.
Сот үкімімен сотталушы Д. 3 жыл 6 айға бас бостандығынан, атағынан айырылды және мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Сотталғаннан заңсыз алынған 2500000 теңге пара сомасы мемлекет кірісіне өндірілді.
Д. қылмыстық істі тоқтату үшін А.-дан 2 млн. теңге пара алды. Кейін одан тағы 1 млн. теңге талап етіп, бас тартсаң қамауға алынасың деп қорқытты. Соманы алғаннан кейін Д. ұсталынды.
Сонымен қатар, сот полиция департаментінің атына қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауына жол бермеу бойынша шаралар қабылдау үшін жеке қаулы шығарды
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ақмола облысы
сурет шартты