Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері сотталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сідтеме жасап.
Өскемен қаласының соты облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлеріне қатысты үкімді жариялады.
№17 мекеме бастығының бұрыңғы орынбасары мен аға инспектор жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы тұрғын үй комиссиясына әдейі жалған мәліметтер беру арқылы 5,8 млн теңге көлеміндегі қаражатты ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.
Оларға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу және мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.
Сотталғандар әділет майоры мен лейтенанты арнайы атақтарынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *