Сәтбаев қалалық соты өз ағасының денсаулығына ауыр зиян келтірген күдікті «Т»-ға қатысты үкім оқылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
2024 жылғы 11 тамыз күні шамамен сағат 21:00-де айыпталушы азаматтық әйелі «Ц»-мен бірге үйіне мас күйінде үйіне келген кезде, үйінде оның ағасы «Т» мен қарындасы «Т» болған.
Шамалы уақыттан кейін қонақ бөлмесіне кіргенде, ағасы мен қарындасының бір-бірімен ұрысып жатқандығы туралы көрініске куә болған ол ағасын сабырға шақырған. Алайда, ағасы бұған одан әрі агрессия таныту салдарынан жанжал шыққан. Шамамен 22:00-де сотталушының ағасына ауыр дене жарақатын келтіру туралы ой-ниетін жүзеге асыру мақсатында ас бөлмеге барып, үстелден ас үй пышағын алып, диванда жатқан ағасының кеудесінің оң жақ тұсына бір рет соққы жасаған.
Салдарынан зардап шегуші «Т» Сәтбаев қаласының №1 орталық ауруханасына «Оң жақ кеуде аймағының тесілген пышақ жарақаты, пневмоторакс» деген диагнозбен жеткізілген.
Сот үкімімен «Т» ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 4 (төрт) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ұлытау облысы