Блогер сыбайлас журнаситі екеуі сотталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Сайрам аудандық сотында сотталушы Ершат Искандаров, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің (әрі қарай-ҚК)190-бабының 1-бөлігінде және ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігінің 2,3-тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін, ал Агайбек Даткаев ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігінің 2,3-тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыппен сотқа берілген. Аталған ашық сот отырысында аталған қылмыстық істе қара қылды қақ жарған Сайрам аудандық сотының судьясы Г.А.Рахманкулов үкім оқыды.
Е.Искандаров пен А.Даткаев бөтеннің мүлкін қорқытып алу арқылы талап ету мақсатында алдын ала сөз байласып, екеуі 2024 жылғы13 қаңтарда сағат 10:00 шамасында, Сайрам ауданы Қарабұлақ ауруханасында орналасқан жедел-жәрдем бөлімшесіне барып, онда қызметтік автокөліктерді өздерінің ұялы телефонына түсіріп, аталған мекеменің меңгерушісі жәбірленуші К.-тен қызметтік автокөліктердің техникалық байқаудан өтпегенін және сақтандыру полистері жоқ екенін анықтаған. Осы күні сағат 19:30 шамасында Е.Искандаров «ватсап» желісі арқылы жәбірленуші К.-ке хабарласып, оны қызметтік беделіне нұқсан келтіретін бейне жазбаны А.Даткаев «Facebook» әлеуметтік желісіне мақала ретінде жариялайтыны туралы қорқытып, 100 000 теңге талап еткен.
Өз кезегінде Е.Искандаров пен А.Даткаевтың талабы өз уақытысында орындалмағанан кейін, сағат 22:30 шамасында А.Даткаев
«Facebook» әлеуметтік желісіндегі өзінің «Даткаев Агайбек» парақшасына мақаланы жариялаған. Содан Е.Искандаров 2024 жылғы 14 қаңтарда сағат 11:00 шамасында, Қарабұлақ ауылы жедел-жәрдем бекетінің алдында, жәбірленуші К.-ке оны іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді, яғни жарияланған мақаланы өшіру үшін 300 000 теңге ақшаны талап етіп, осы күні сағат 13:50 шамасында Е.Искандаров пен А.Даткаев екеуі өздері барған автокөліктің ішінде, жәбірленуші К.-тен 200 000 теңге ақшаны қолма-қол және Е.Искандаровтың анасының абоненттік нөміріне тіркелген «Kaspi Gold» қосымшасы арқылы 100 000 теңгені аудартып, қорқытып алған.Е.Искандаров 2024 жылғы 22 сәуірде «Facebook» әлеуметтік желісінде «ТЕК ШЫНДЫҚ» парақшасы арқылы жәбірленуші М.-ға қатысты «М. қызметін пайдалана отырып ұстаздардан ақша жинайтыны распа???» атты жазбаны және оның суретін қосып жариялап, осы жазбаны «хакер» арқылы өшіргізіп бере алатынын алдап айтып, оның сенімін теріс пайдаланып, ол үшін 2024 жылғы 27 сәуірде жәбірленуші М. дан өзінің анасының абоненттік нөміріне тіркелген «Kaspi Gold» қосымшасы арқылы 18 000 теңге, 75 000 теңге және 57 000 теңге ақшасын алаяқтық жолымен жымқырған. Нәтижесінде жәбірленуші М.-ға жалпы 150 000 теңге материалдық залал келтірген.
Е.Искандаров пен А.Даткаев бірнеше рет, бөтеннің мүлкін қорқытып алу арқылы талап ету мақсатында алдын ала сөз байласып, Е.Искандаров 2024 жылғы 27 мамырда сағат 09:00 шамасында, қолданысындағы «Samsung A-52» маркалы ұялы телефонының абоненттік нөмірі арқылы ғаламторға кіріп, «Facebook» әлеуметтік желісіндегі өзінің «Ершат Искандаров» парақшасына «Ақша жинау қашан тоқтайды, А. ханым???» деген жазба мен мектеп директоры жәбірленуші А.- ның суретін қосып жариялаған. Осы күні сағат 18:00 шамасында Сайрам ауданы әкімдігі ғимаратының алдында, А.Даткаев танысы жәбірленуші А.-мен кездесіп, одан іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін сыбайласы Е.Искандаровтың жарияланған жазбаны өшірту үшін 100 000 теңге ақша талап еткен. Өз кезегінде жәбірленуші А. А.Даткаевтың талабына келісіп, Е.Искандаров пен А.Даткаев және жәбірленуші А. үшеуі Сайрам ауданы Ақсукент ауылы Жібек жолы көшесі бойында орналасқан «Мадина» дүкенінің алдында кездесіп, онда А.Даткаев сыбайласы Е.Искандаров пен жәбірленуші А.-ны таныстырып, А.Даткаев сыбайласы Е.К.Искандаровқа жарияланған жазбаны өшірту үшін талап еткен 100 000 теңге ақшаны жәбірленуші А. ертесі күні беретінін айтып, оған жазбаны өшірткен. Алайда, келісілген уақытта талап еткен ақшаны жәбірленуші А. бермеген соң, 2024 жылғы 29 мамырда Е.Искандаров «Facebook» әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында №** орта мектептегі ақша жинау тақырыбында жазба жариялап, онда осы күні сағат 17:00-де дәлелдемелер ұсынатынын көрсеткен. 2024 жылғы 29 мамырда сағат 20:30 шамасында, Сайрам аудан Ақсукент ауылы Жібек жолы көшесінде орналасқан «Айжарық» кафесінің алдында, Е.К.Искандаров жәбірленуші А.-дан 100 АҚШ доллары мен 10 000 теңгені алған.
Сот тергеуінде сотталушы Е.К.Искандаров және Агайбек Даткаев өздеріне тағылған айыптарды ішінара мойындап соттан өздерін ақтауды сұрады.
Сайрам аудандық сотының судьясы Г.А.Рахманкулов, сотталушы Ершат Искандаровты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен және ҚК-нің 194- бабының 2-бөлігінің 2,3-тармақтарымен кінәлi деп танып, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға iшiнара қосу арқылы оған түпкілікті 4 (төрт) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады.
Сотталушы Агайбек Даткаевты, ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігінің 2,3- тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 3 (үш) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ
PS: Естеріңізде болса » БОПСАЛАУШЫ БЛОГЕРЛЕРДІ ҚЫЛМЫС ҮСТІНДЕ ҰСТАДЫҚ!»- деп, Түркістан облысы полиция департамкентінің басшысы Мұрат Кабденов ағымдағы жылдың 13- мауысым күні мәлімдеме жасаған еді.
«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бопсалаудың бірнеше фактілеріне қатысы бар екі блогерді анықтадық. Күдіктілер ұзақ уақыт бойы Сайрам ауданының аумағындағы түрлі ұйымдардың басшыларына қоқан-лоққы жасап, ақша бопсалаумен айналысқан. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Қамауға алынып, заттай дәлелдемелер тәркіленді»- Мұрат Кабденов
Сілтемеден толығырақ:
Түркістан облысы.