СЭБ департамент басшысына үкім оқылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агекнттігі жариялады.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында, «Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ-нің басшысы Т.-ға, персоналды басқару қызметінің басшысы Т.-ға, «Шымкент бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының» басшысы М.-ға және пара берген А.-ға қатысты қылмыстық іс аяқталып үкім оқылды.
Сотталушылар Т. және Т. ҚР ҚК-нің 366-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен / адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам бола тұра айтарлықтай мөлшерде пара алу / айыпталған.
Сотталушы М. ҚК-нің 368-бабының 2-бөлігімен / парақорлыққа бірнеше рет делдал болу, яғни пара берушiге және пара алушыға олардың арасындағы пара алу және беру туралы келісімге қол жеткiзуге және оны iске асыруға ықпал ету /айыпталған.
Сотталушы А. ҚК-нің 367-бабының 2-бөлігімен / мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам бола тұра айтарлықтай мөлшердерде пара беру/ айыпталған.
Т. «Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ-нің басшысы және Т. персоналды басқару қызметінің басшысы бола тұра, адамдар тобы болып алдын ала сөз байласу арқылы А.-ның қызын жұмысқа орналастырып беру үшін 600 000 теңге көлемінде айтарлықтай мөлшерде пара алған. М. «Шымкент бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының» басшысы бола тұра, Т. мен Т.-ға 600 000 теңгені беруде парақорлыққа делдал болған. Сонымен қатар, А., лауазымды адамға делдал арқылы айтарлықтай мөлшерде пара берген.
Сот, Т.-ны ҚР ҚК-нің 366-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Т.-ны ҚР ҚК-нің 366-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танып, 21 000 000 теңге мөлшерінде айыппұл жазасын тағайындады. .
М.-ны ҚК-нің 368-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 9 000 000 теңге мөлшерінде айыппұл жазасын тағайындады.
А.-ны ҚК-нің 367-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 12 000 000 теңге мөлшерінде айыппұл жазасын тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
сурет шартты