Түзеу мекемесінің бастығы сотталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Степногорск қалалық соты Б.-ға қатысты алаяқтыққа әрекет жасағаны үшін кінәні мойындау туралы іс жүргізу келісімімен,   ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі,190-бабы 3-бөлігінің 1,2-тармақтары бойынша айыпталған түзеу мекемесінің басшысына қатысты қылмыстық іс қаралды.
Түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған Х. сотқа шартты түрде мерзімімнен бұрын босату туралы өтініш берген.
Мекеме бастығы Б., соттың қабылдайтын шешіміне ықпал ете алмайтынын біле тұра, сотталушыны 6 млн. теңгеге мәселесін оң шешуге көмек көрсете аламын деп алдаған.
Сонымен қатар, Б., егер Х. ақша бермесе, онда шартты түрде мерзімімнен бұрын босатудан бас тартылады деп қорқытқан.
Сотталған құқық қорғау органдарына Б.-ның заңсыз талаптары туралы хабарлап, Б. ақшаны алу кезінде ұсталынған.
Сот үкімімен Б.-ға мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, құқық бұзушылық жасау жолымен алынған ақша мемлекет кірісіне тәркіленіп, 7,5 еселенген мөлшерде (45 млн. теңге) айыппұл тағайындалды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
сурет шартты
Ақмола облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *