«Ветериналық қызмет» басшысы сотталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Түркістан облысы Түркістан қалалық сотында, Түркістан облысы Ветеринария басқармасы «Ветериналық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшысы лауазымын атқарған Б. Бегмановқа қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айыппен сотқа берілген. Аталған қылмыстық құқық бұзушылық бойынша Түркістан қалалық сотының судьясы Ж.Б. Акынов ағымдағы жылдың 11- қараша күні үкім оқыды.
Сотта сұралған сотталушы Б.Бегманов, өзіне тағылған айыпты толық мойындап, қылмыстық істі қысқартылған тәртіпте қарауды сұрап, сотқабылай деп жауап берді. 2023 жылғы 11 қарашада, Түркістан облысы Ветеринариялық басқармасы ММ-нің «Ветеринариялық қызметі» МКК ШЖҚ басшысы болып тағайындалғанын. Өзінің негізгі міндетіне облыс аумағында ауыл шаруашылық жануарларына қатысты аса қауіпті ауруларға қатысты вакцина егуді ұйымдастыру және алдын алу, яғни профилактикалық жұмыстар жүргізу кіретінін. Өзінің басқарып отырған мекемесінде блогерлер, журналистер өте көп жүретінін, олар әр аудандағы кемшіліктерді суретке түсіріп интернетке салып жүретінін. Сол журналистер, блогерлерге кемшіліктерді жарияламау үшін, әр ветеринариялық Филиал басшылары өздерінің қалтасынан ақша қаражатын беріп жүретінін. 2024 жылдың басында, нақты уақыты есінде жоқ, өзінің қарамағындағы ветеринариялық қызметтің филиалының басшыларымен кездесіп, қол астындағы қызметкерлерге сыйақы түсіріп, ол ақшаны бір бөлігін Кәсіпорынның
шығындарын жабу үшін жинап қоятыны туралы келіскендерін, ақшаны Ордабасы аудандық Филиал басшысы Б.Хаджамуратовқа жүктегенін. Содан Кәсіпорынның бухгалтеріне филиалдардан түскен қызметкерлердің тізімі бойынша сыйақы түсіруі туралы ауызша тапсырма беріп, филиалдардың қызметкерлеріне сыйақы түсірткенін. 2024 жылғы 16 мамыр сағат 22:00 шамасында, Түркістан қаласындағы «Turan Mall» сауда үйінің жанында Б.Хаджамуратовпен кездесіп, ол, филиалдардан жиналған 5 484 000 теңгені пакетке салған күйінде өзінің басқарып жүрген мемлекеттік тіркеу белгісі 091 AJF/13 «Тоyotа Camry» автокөлігінің артқы орындығына салып қойғанын, өзінің жасаған іс-әрекетіне шын жүректен өкінетінін айтып, соттан бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауын сұраған.
Судьясы Ж.Б. Акынов, сотталушы Бахытжан Турсинханович Бегманов ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 (үш) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ
Еске сала кету керек, 2023 жылы Түркістан облысында ұсақ малдан сібір жарасы анықталған болатын.
Сардар Әбдіжақия
сурет хабар арнасынан алынды
Түркістан облысы