Қорқытып алушыларға үкім жарияланды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» агенттігі жариялады.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында бес сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша сотталушылар ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 1), 2) тармақтарымен (қорқытып алу, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен күш қолдану) айып тағылғын болатын.
Сотталушылар 2024 жылдың ақпан айында адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен күш қолдану арқылы, жәбірленуші Н.-ның такси жолаушысын соққыға жыққан адамы олардың танысы екендігін айтып, алдын-ала дайындалған жиналмалы пышақпен және «Сталкер» маркалы ашық-шулы тапаншамен қорқытып, жәбірленуші Н.-дан 1 000 000 теңге ақшалай қаражат беруге мәжбүрлеп талап еткен, алайда жәбірленуші аталған сомманы бере алмайтынын айтып 3 00 000 теңге беруге уәделесіп, 80 000 теңге несие алдырып қалған ақшасын тауып келуді тапсырған, полиция қызметкерлеріне ақшаны алу барысында ұсталған.
Сотталушылардың кінәсі өздерінің жауаптарымен, куәгерлердің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, жасырын тергеу әрекеттерімен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді.
Сот үкімі мен, С.-ға ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігінің 1), 2) тармақтарымен 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Қалған төрт сотталушыға ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігінің 1), 2) тармақтарымен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген.
Шымкент қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *