Шет ел азаматынан 537 080 505 теңге қаражатын жымқырған адам сотталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
        Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында М.-ға қатысты алаяқтық, яғни өзінің қызмет бабын пайдалана отырып бөтеннің мүлкін алдау жолымен аса ірі мөлшерде иемдену бойынша,  ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен  сараланған қылмыстық іске үкім жарияланды.
М., Қытай Халық Республикасының азаматы – жәбірленуші Х.-ның сеніміне кіріп, оған бірлесіп отыра бизнес жасаймыз деп, алдап айтып жәбірленушінің аса ірі көлемде 537 080 505 теңге қаражатын жымқырған.
Сонымен қатар, жәбірленуші А.-ның сеніміне кіріп, сондай-ақ, алдау арқылы аса ірі көлемде 50 000 000 теңге қаражатын жымқырған.
Прокурор, сотталушы  М.-ға 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.
Сот, сотталушы  М.-ның  жасаған іс-әрекеттеріне өкініш білдірмегенін және қылмыспен келген шығынның өтелмегенің ескере отырып оны ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танып, оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Шымкент қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *