Ломбард тонамақ болған жігітке үкім оқылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Шымкент қаласында медициналық бетперде киген қылмыскер ломбардқа басып кіріп, ломбард қызметкерін ойыншық мылтықпен қорқытып, 100 мың теңге талап еткен. Абырой болғанда, ломбардқа телефонын алу үшін кірген 18 жастағы келуші қарулы қарақшылық шабуылды аяқтауға жол бермеген. Қылмыскер оқиға орнында ұсталып, қылмысын аяғына дейін жеткізе алмаған.
Шабуылдың алдын алған 18 жастағы жігітке сертификат берілді.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында айыпталушыға қатысты ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі – 191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен (зорлық-зомбылық қолданамын деп қорқытып, бөтеннің мүлкін ашық ұрлауға оқталу) қылмыстық іс сот талқылауы барысында прокурор айыпты ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі – 191-бабының 1-бөлігімен өзгертіп, «зорлық-зомбылық жасаймын деп қорқытумен» деген біліктілік белгіні алып тастады.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы, сотталушыны інәлі деп танып, оны 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесті.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
PS: Естеріңізде болса, ағымдағы жылдың қазан айында, Шымкент қаласы полиция департаментінің мәліметінше, Шымкент қаласы, Рысқұлов көшесінде орналасқан ломбардтардын бірінде бетіне медициналық маска киіп алған белгісіз тұлға қолына тапаншаға ұқсас затпен ломбард қызметкерлерін қорқытып 100.000 теңге қаражат талап еткен. Ломбард ішінде тұрған 17-18 жасар ер азаматтар қылмыстын алдын алу мақсатында құқықбұзушыны тәртіп сақшылар келгенше ұстап алған.
Сілтемеден толығырақ:
Тұран аудандық полиция қызметкерлері дер кезінде келіп құқықбұзушыны тұтқындаған. Аудандық полиция басқармасының бастығы Тілеуов Нұржан өз кезегінде жасөспірімдердің танытқан ерлігі үшін арнайы алғыс хатпен марапаттаған еді
Шымкент қаласы