Адам өлтірген азамат 9 жылға қамалды, прокурор 11жыл сұраған еді. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
2024 жылғы 27 қарашада Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтіру, яғни басқа адамды қазаға ұшырату фактісі бойынша ҚР ҚК 99-бабы  1-бөлігі мен сараланған қылмыстық іске қатысты сот үкімжариялады.
Ағымдағы жылдың мамыр айында Д. өзінің танысы М.-мен Екібастұз қаласында орналасқан пәтерде болған. М. екеуінің арасында жанжал туындап, оның барысында, Д. қолына пышақ алып, М-нің кеудесіне көптеген жарақаттар келтірді. Соның нәтижесінде М. сол жерде қайтыс болды.
Мемлекеттік айыптаушы прокурор сотталушыға 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Алайда  Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты,  жауаптылықты жеңілдететін мән — жайды — сотталушының бұрын сотталмауын және кінәні ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі мен Д.-ны кінәлі деп танып, оған 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
сурет шартты
Павлодар облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *