Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген адамға үкім оқылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Павлодар қаласының № 2 соты Павлодар қаласының тұрғынына қатысты, бөтен адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша ҚР ҚК-нің  106-бабы 1-бөлігімен сараланған қылмыстық іске үкім оқылды.
Ағымдағы жылдың тамыз айында Павлодар қаласында ер адамдар алкогольдік ішімдік ішіп, олардың арасында жанжал туындаған. Осы араздықтың негізінде К., денсаулыққа ауыр зиян келтіру мақсатында қасақана О.-ның кеудесінің артқы бүйір бетінен пышақпен екі рет соққы беріп, сол арқылы денсаулығына ауыр зиян келтірген.
Сот масаң күйде қылмыс жасауды және ҚР ҚК- нің 14-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстардың қайталануын қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар деп ескерді. Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, К.-ға қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеумен 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Павлодар қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *