Денсаулығына ауыр зиян келген адам қайтыс болған. Үкім оқылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Сәтбаев қалалық соты жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда оның өліміне әкеп соқтырған сотталушы «Т»-ға қатысты үкім шығарылды.
Сотталушы «Т», 2024 жылғы 23 тамыз күні шамамен сағат 23:50-де сотталушы «Т» мен жәбірленуші «А» Сәтбаев қаласынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан «Абай» шаруа қожалығы аумағында, уақытша жұмыс орындарында бөлінген жерде спирттік ішімдік ішкен.Спирттік ішімдік ішу барысында екеуінің арасында алкогольдік масаңдық салдарынан сөзге келіп қалып, жәбірленуші «А» сотталушы «Т» ның ескертуін өзіне қорлау деп қабылдап, қолындағы пышақпен оның бет аймағына бірнеше рет жарақат салған. Бұған жауап ретінде сотталушы «Т» жәбірленушіге деген өшпенділікпен, оның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру мақсатындағы қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін, сотталушы жәбірленушінің қолындағы пышақты тартып алып, оны қару ретінде пайдаланып, жәбірленушінің оңжақ иығына бір рет пышақ сұққан.
Сот үкімімен «» ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 8 (сегіз) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасытағайындалып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ұлытау облысы