Пара беруге оқталғаны үшін 195 млн. теңге айыппұл салынды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушы Т.-ға ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 367-бабының 2-бөлігімен (лауазымды адамға айтарлықтай мөлшерде пара беруге оқталу) бойынша айып тағылылған адамға үкім жарияланды.
Т. серіктестік директоры қызметін атқарып жүріп, спирт өндірумен, сақтаумен және өткізумен ұштасқан кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыру барысында заңсыз әрекеті бойынша Экономикалық тергеп тексеру Департаментімен қылмыстық іс қозғалғанынан хабардар болып, қылмыстық жауапкершілікке тартылмау және жалпы қамқорлық үшін Департаменттің 1-Басқармасының басшысы, лауазымды адамға айтарлықтай мөлшерде пара беру мақсатында 2024 жылдың мамыр айында, соңғыға 20 000 АҚШ доллары (ресми бағаммен 8 788 000 теңге) және 1 000 000 теңге ақша қаражатын пара ретінде беру барысында ұсталып, өзіне байланысты емес мән-жайлармен қылмыстық ниетін жүзеге асыра алмаған.
Т. ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 367-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 20 еселенген мөлшерінде 195 641 856 теңге айыппұл жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енбеді.
Шымкент қаласы