Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi талан-таражға салған адам сотталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында аса ірі мөлшерде кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi талан-таражға салу бойынша ҚР ҚК- 189-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы) бойынша А.-ға қатысты үкім шықты.
А. ЖШС-нің сауда өкілі болып жұмыс істеп жүріп, 2023 жылдың қазан-қараша айлары аралығында еңбек шарты және толық материалдық жауапкершілік туралы келісім негізінде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқыру жолымен тергеумен белгісіз тұлғаларға 7 743 550 теңге сомасындағы темекі өнімдерін заңсыз өткізіп, және 427 658 теңге ақша қаражатын талан-таражға салып, аса ірі мөлшерде жалпы сомасы 8 171 208 теңгеге залал келтірген.
Сот үкімімен А., ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 1) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Азаматтық талап қою қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Астана қаласы