Академия қызметкерлері мен курсанттары сотталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
ТЖМ Академиясының қызметкерлері мен курсанттары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталды. Академияның үш курсанты  сабақ үлгерімі бойынша қажет балл жинау үшін взвод командирі Е. Арқылы, азаматтық қорғау полковнигі — оқытушы Х.-ға 5 000 теңгеден пара берген . Бұл қылмыста Е. делдалдық жасаған деп оларға қатысты   ҚР ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы,   ҚР ҚК-нің 367-бабының 1-бөлігі,  ҚР ҚК-нің 368-бабының 2-бөлігімен айып тағылған.
Сонымен қатар, Е. жәбірленуші С.-ға, оның ұлын оқуға түсуру мүмкіндікке ие болмай, 2,5 млн. теңгеге мәселені шешуді ұсынып, алаяқтық жасаған.
Оған қоса, өкілеттіктеріне атақ беру құқығы кірмеген Академия командирлері Е. және Ш. көрсетілген көмек үшін деп курсанттарды алдап, олардан 267 000 теңге алғаны белгілі болды.
Осылайша, Е. және Ш. құқық қорғау органының қызметкерлері бола тұра, қызметтік бабын пайдалана отырып, сөз байласып алаяқтық жасаған, Е. бірнеше рет жасағаны үшін ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 2,3,4-тармақтарымен айып тағылып оларға үкім жарияланды.
Сот үкімімен Х.-ға параның 60 еселенген сомасында айыппұл, Е.-ға 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру, Ш.-ға параның 10 еселенген сомасында айыппұл, әрқайсысына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және арнайы атақтарынан айыру тағайындалды. Курсанттар С., А. және кәмелетке толмаған Е.-ға айыппұл тағайындалды.
Сонымен қатар, сот ҚР ТЖМ атына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстың жеткіліксіздігіне, Академияның кадр қызметі мен қауіпсіздік басқармасының тиісті жұмыс жүргізбеуіне назар аудара отырып, жекеше қаулы шығарылды.
Сот актілері заңды күшіне енген жоқ.
Ақмола облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *