Анасын өлтірген адам 11 жылға қамалды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Бүгін, Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты (бұдан әрі-СҚО ҚІЖМАС) ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі (адам өлтіру).бойынша Б. — ға қатысты қылмыстық істі қарады.
2024 жылдың 09 тамызында Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласында өз үйінде болған Б. анасын өлтірді.
Сотталушы кінәсін мойындамады, ақтауды сұрады.
Сот ҚР ҚК-нің 53, 54-баптарында көзделген қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын және мән-жайларды қарастырған жоқ.
Жасалған қылмыстың мән-жайын және оның ауырлығын ескере отырып, сот Б. — ны ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын, сондай-ақ жазасын өтеу орны бойынша маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуді тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Солтүстік Қазақстан облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *