Велосипед ұрлап сотты болды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.

Жезқазған қалалық сотында,  ҚР ҚК 188-бабы 1- бөлігі мен яғни  бөтеннің мүлкін жасырын жымқырды деген айыппен «Б.»-ға айып тағылып сотқа берілген.
Сотталушы «Б.», 30 шілде 2024 жылы сағат 12.40-та Жезқазған қаласы Момышұлы көшесіндегі №19 үй, №2 дәлізінің алдынан өтіп бара жатқанда «Bande» маркалы ақ түсті велосипедті көріп, оның әрекетін ешкім бақылап тұрмайтындығына көз жеткізіп, аталған велосипедті жасырын ұрлаған және әрі қарай қылмыс орнынан бой тасалаған.
 «Б.»-нің қылмыстық әрекеті нəтижесінде жәбірленуші «А.»-ға 65 000 теңгеге материалдық шығын келтірілді.
​Жезқазған қалалық сотының үкімімен «Б.», ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 1 жыл 6 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.​
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жезқазған қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *