Алаяқтық жасаған адамға сот 9 жыл қамау жазасын тағайындады. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Ақтөбе қаласының №2 сотында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген айыппен К-ға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен сараланған қылмыстық іске үкім жарияланды.
2022 жылғы шілдеден 2023 жылғы қыркүйекке дейін сотталушы К. алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен, Б-ға оның күйеуін бас бостандығынан айыру орындарынан апелляциялық сот арқылы босатуға өзінің «қызметі» үшін қомақты төлем сұрады. Онымен қоса, сотталушы құқық қорғау органдары мен ҰҚК-да байланыстары бар екендігін мәлімдеді.Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде жәбірленушіге 112 млн теңге сомасында материалдық шығын келтірілді.
Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жай ретінде сот оның әрекеттерінде қылмыстардың қауіпті қайталануын ескеріліп, сот үкімімен сотталушы К. кінәлі деп танылып, оған 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын тағайындады.
Жәбірленушінің азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ақтөбе облысы