Еурохаттама рәсімі кеңінен талқыланды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады, Шымкент қаласы сотына сілтеме жасап.
Шымкент қалалық сотының ұйымдастыруымен Шымкент қаласының Полиция департаментінде «ӘҚБтК-нің 30-тарауында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша лауазымды тұлғалармен жол берілетін кемшіліктер мен туындаған мәселелер (көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар)» және «Еурохаттама рәсімін кеңінен қолдану» тақырыбында, судья Н.О.Аманқұлованың төрағалық етуімен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төраға м.а мен судьялары, Шымкент қаласы прокуратурасының әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау басқарма басшысы Қ.Айтбайұлы, Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары У.Мылтыков, Шымкент қаласы бойынша Денсаулық саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Психикалық денсаулық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның бас дәрігері С.Мыңбаев Шымкент қаласы бойынша жол полиция қызметкерлері, ҚРБП ҚСжАЕАЖ Шымкент қаласы бойынша департаментінің азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің басшысы А.Сейдаханов, Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Е.Сулейменов және жол полиция қызметкерлері қатысты.
Н.Аманқұлова әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 2024 жылдың бүгінгі күнге дейін 24746 әкімшілік іс түсіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 31,9% іске көбейгенін айтты.
Қазіргі таңда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыруға жататын лауазымды тұлғалармен ӘҚБтК-нің талаптарын сақтамай өрескел бұзылып жатқаны өз кезегінде әкімшілік істердің тоқтатылуына және тиісті құқық бұзушы жауапкершіліктен босатылып кетуіне себеп болып отырғанына тоқталды.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты лауазымды тұлғалардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру кезінде кемшіліктерге жол бермеу қажеттігін түсіндіру болып табылады.
Іс-шараға қатысушыларға әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтыру барысында жіберіліп жатқан кемшіліктерге, келешекте жол бермеу үшін арнайы видео-роликтер көрсетілді.
Қ.Айтбайұлы жол көлік оқиғасына байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтың 2024 жылы 11 айда – 108,7% (650-ден 1357-ға) өскенін айтты.
Т.Данебеков «Еурохаттама» көмегімен жеңіл жол-көлік оқиғалары орын алған жағдайда, азаматтар полиция қызметкерлерін шақырмай және соттың шешімінсіз жеңілдетілген тәртіппен сақтандыру оқиғасын рәсімдей алатындығын, сонымен қатар, «Еурохаттама» рәсімдеу барысы және қосымшасын қолданудың арнайы талаптары, хаттама толтырған кейінгі әрекеттер мен артықшылықтарын түсіндірді.
Қорытындылай келе, төрағалық етуші алдағы уақытта жол көлік оқиғаларына байланысты жүктемелерді азайту мақсатында судьялар мен полиция департамент қызметкерлеріне бірлесе отырып, халыққа түсіндірмелер жүргізе отырып, Еурохаттаманы кеңінен қолдану бойынша бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Шымкент қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *