Алаяқтық жасағаны үшін 6 жыл қамауда отыратын болды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Ақтөбе қаласының № 2 соты аса iрi мөлшерде алаяқтық жасады деген айыппен,   ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен сараланған қылмыстық іс бойынша Ж.-ға үкім оқылды.
2021-2022 жылдар аралығында сотталушы Ж. бірнеше жылжымайтын мүлік агенттігінде жұмыс істеп жүріп, жәбірленушілерге салынып жатқан жаңа тұрғын үй кешендерінде нарықтық құнынан төмен бағамен пәтерлер алуды ұсынды. Әрі қарай, сотталушы өзіне алған міндеттемелерін орындай алмай, жәбірленушілерден пәтер құнынан бастапқы жарнаны төлеуді сұрады.
Бұл ұсынысқа жәбірленушілер келісіп, бастапқы жарна ретінде ақшалай қаражаттарын аударды. Сотталушы алған ақшалай қаражаттарды өз қалауы бойынша иемденді. ​
Осылайша, сотталушы Ж. 4 жәбірленушіге жалпы сомасы 21 млн теңге залал келтірді.
Сот үкімімен сотталушы Ж. кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды.
ҚР ҚК-нің 58-бабының 6-бөлігінің негізінде Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 12.01.2024 жылғы үкімімен тағайындалған неғұрлым қатаң жазаны осы үкім бойынша тағайындалған неғұрлым қатаң жазамен сіңіру жолымен қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша түпкілікті 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Жәбірленушілердің азаматтық талаптары толық қанағаттандырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ақтөбе қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *