Hands of men desperate to catch the iron prison,prisoner concept,thailand people,Hope to be free.
 Жол апатын жасап, кетіп қалған погонды сотталды.  Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алкогольдік масаң күйде көлік құралдарын басқара отырып абайсызда 2 адамның өліміне әкеліп соқты және оқиға болған жерден кетіп қалды деген айыппен, С.-ға,  ҚР  ҚК-нің 345-1-бабының 4-бөлігі, 347-бабы мен тағылған айып бойынша сот үкімі жарияланды.
Сотта анықталғандай, 2024 жылдың шілде айында сотталушы С., спирттік ішімдік ішкен күйде, «Kia Sportage» маркалы автокөлігін «Ақтөбе-Ақжар» тас жолы бойымен 121 км жылдамдықпен басқарып келе жатып, Ақжар-1 ауылы маңында бір бағытта жол бойымен жүріп бара жатқан велосипед жүргізішісі К. мен оның қасында отырған Н.-ді соғып, жол-көлік оқиғасын жасап, нәтижесінде абайсызда олардың өліміне әкеліп соқтырған. Осыдан кейін сотталушы С. жол-көлік оқиғасынан ауыр зардаптар келгенін біліп, жәбірленушілерге ешқандай көмек көрсетпей, полиция бөліміне хабарламай, қылмыстық жауапкершіліктен құтылу мақсатымен қасақана жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалған.
Сот қылмыстық жаза тағайындау кезінде сотталушының қылмыстық жауаптылық пен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның бұрын сотталмағанын, жас балаларының барын ескере отырып,  сотталушы С. кінәлі деп таныды. Оған өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
ҚР ҚК-нің 49-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотталушы полиция майоры шенінен айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ақтөбе облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *