Парламент Сенатының қарауына Жоғарғы Сот судьялары Ботагөз Рахымқызы Ералиеваны және Қамбар Жұмабайұлы Нұрышевты отставкаға шығуына байланысты қызметтерінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы енгізілді. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сот кеңесі мәлімдеді.

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов Парламент Сенатының отырысында сөйлеген сөзінде Ботагөз Рахымқызы мен Қамбар Жұмабайұлы судьялар қауымдастығында беделі зор. Олардың судьялық жұмыс тәжірибелеріде мол (тиісінше 28 және 37 жыл).
Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты олар Жоғары Сот Кеңесіне отставкаға шығу нысанында атқаратын қызметтерінен босату туралы өтініштер берді.
Парламент Сенатының депутаттары Мемлекет басшысының ұсынымы бойынша Жоғарғы Сот судьялары Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышевты құрметті отставкаға шығуына байланысты қызметтерінен босатты.
Астана қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *