Автокөлікті мас күйде басқарған азаматша 3 жылға қамалды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Қызылорда қаласының №2 сотында, ҚР ҚК 346-бабының 2-бөлігімен айып тағылған азаматша М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралып үкім жарияланды.
Сотталушы М. көлік құралын басқару құқығынан айрылған адам бола тұра, алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарып, автокөліктің рульдік басқару жүйесіне ие бола алмай, жол жүрісі Қағидаларының №534 бұйрығының, 2-тарауы, 12-бөлігінің 2-тармағының талаптарын бұза отырып, жәбірленуші А.-ның үйінің қоршауына соқтығысып, мүлкін зақымдап жол көлік оқиғасын жасаған.Нәтижесінде, жәбірленуші А.ға жалпы құны 50 000 теңгеге мүліктік зиян келтірген. Басты сот талқылауында жәбірленуші А. сотталушыға кешірім берітінін, шығын өтелгенін, қояр талап тілегі жоқ екенін көрсеткен.
Сотталушы ҚР ҚК-нің 346-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, өмір бойына көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қызылорда облысы