Кәмелетке толмағанды зорлап артынша өлтірген адамға үкім оқылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
 Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған адамды зорлағаны және қылмысты жасыру мақсатында,  кәмелетке толмаған адамды өлтіргені үшін Әулиекөл ауданының тұрғыны Г.-ға,  ҚР ҚК-нің 120 бабы 3-1 бөлігі 1 тармағы және ҚР ҚК-нің 99- бабы 2-бөлігі. 10),14) тармақтары мен тағылған айып бойынша үкім оқылды.
2024 жылдың маусым айында Әулиекөл ауылында сотталушы Г. мас күйінде физикалық күш көрсетіп кәмелетке толмаған жәбірленушіні зорлаған. Кейін жасаған аса ауыр қылмысты жасыру мақсатында оны тұншықтыру арқылы өлтіреді.
 Сотталушының жеке басын, жасалған іс-әрекеттердің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлықты ескере отырып, сот Г.-ның жазаны ішінара қосу арқылы өмір бойы кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты педагогикалық лауазымдар мен лауазымдарды атқару құқығынан айырып, жазаны ҚАЖ орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтеу арқылы 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
 Жәбірленуші тараптың азаматтық талабы мәлімделмеген.
 Үкім заңды күшіне енген жоқ.
сурет шартты
Қостанай облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *