«Iphon 14» ұрлап сотталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады
Қызылорда қаласының №2 сотында, С.- ға қатысты ҚР ҚК- нің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен айып тағылған қылмыстық іске қатысты сот үкім оқыды.
Сотталушы С. көше бойымен келе жатқанында асхана алдында тұрған автокөліктің ашық тұрған терезесінен «Iphon 14» үлгісіндегі ұялы телефонды көріп, оны ұрлау ниетін іске асыру мақсатында автокөлікке заңсыз кіріп, жәбірленуші Б.-ға тиісілі ұялы телефонын жасырын жымқырып, соңғыға 570 000 теңгеге мүліктік зиян келтірген.
Сот үкімімен С. ҚР-ның Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3)- тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.
Қызылорда облысы