Екі адамның өліміне әкеп соққан оқиға бойынша үкім оқылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында,  жол жүріс қағидаларын бұзып, абайсызда екі адамның өліміне әкеп соққан қылмыстық құқық бұзушылық ісіне қатысты, ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен айыпталған Н.-ға қатысты үкім жарияланды.
Сотталушы 2024 жылдың шілде айында «Toyota Camry» маркалы автокөлігімен Шымкент қаласы, Арғынбеков көшесінің қиылысында бағдаршамның жасыл түсіне тура бағытта басты жолмен, яғни Арғынбеков көшесімен Жібек жолы көшесі бағытынан, Ж.Шаяхметов көшесі бағытына қарай қозғалып келе жатқан Ә.-ның басқаруындағы «KIA K5» маркалы автокөлігін өткізіп жіберместен онымен соқтығысып, абайсызда екі адамның өліміне, бір адамның денсаулығына ауыр, екі адамның денсаулығына орташа зиян келтіруге әкеп соққан жол-көлік оқиғасын жасаған.
Орын алған жол-көлік оқиғасының салдарынан «KIA K5» автокөлігінің жолаушылары кәмелетке толмаған 2006, 2009 жылғы жәбірленушілер алған дене жарақаттарынан қайтыс болып, 2008 жылғы жәбірленуші денсаулығына орта, ал «Toyota Camry» маркалы автокөлігінің жолаушысының денсаулығына ауыр дәрежелі зиян келген.
Сот, Н.-ны ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танып, оған көлік құралдарын жүргізу құқығынан 7 жыл мерзімге айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Талап арыз ішінара қанағаттандырылып жәбірленушілердің пайдасына 10 миллион теңге өндірілді.
Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде өтеуге деп белгіледі.
Үкім заңды күшіне енбеген.
Шымкент қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *