Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат С.-ға қатысты кәмелетке толмаған жәбірленушіге жыныстық сипаттағы әрекеттер жасау жасады деген айыппен ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі мен сараланған қылмыстық іске үкі оқылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады
С. үйде шарап ішіп, жұбайының жоқтығын пайдаланып, 12 жасар өгей қызын бір стакан шарап ішуге мәжбүр етті. Біраз уақыттан кейін азамат С. диванда жатып кішкентай жәбірленуші М. шақырып телефоннан фильм көруге қасына жатқызады.
Осы уақытта С. кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы басқа әрекеттерді жасауға бағытталған қылмыстық ниет пайда болып, кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық көрсетіп, белсенді қарсылық пен айқайына қарамастан, оның киімін шешіп, жыныстық сипаттағы әрекеттерді жасады, жас жәбірленушіге физикалық ауруы мен азабын тудырды.
Осылайша азамат С. өзінің қылмыстық әрекеттерімен ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыс жасады, яғни жәбірленушіге зорлық-зомбылық көрсетіп, оның дәрменсіз жағдайын пайдалана отырып, жыныстық сипаттағы өзге әрекеттер жасады.
Сотталушы С. кінәсін толығымен мойындап, істеген ісіне өкінішін білдірлді.
Сот С.-ны кінәлі деп танып, оған жазаны төтенше қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу арқылы өмір бойына бас бостандығынан айыру түрінде тағайындады және ҚР ҚК 50-бабының 2-бөлігі негізінде педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Абай облысы
сурет шартты