Жаңаарқа аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен яғни «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бойынша сараланған қылмыстық іске үкім жарияланды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Сотта анықталғандай, теміржол жөндеушісі болып жұмыс істейтін сотталушы Б. 2024 жылғы 18 қыркүйектен бастап қызметтік іссапарда Жаңаарқа кентінде болған. 2024 жылғы 27 қыркүйек күні кешкі уақытта ол алкоголь ішімдігін ішкен соң, әріптесі Ж-мен сөзге келіспей, ашу үстінде оған пышақ жарақатын салған.
Сот барысында сотталушы Б. өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрап, онымен татуласқанын айтты. Сондай-ақ келтірілген шығынды толық өтегенін жеткізді.
Жәбірленуші Ж. да сот отырысында сотталушыға кешірім беріп, оған бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушының әрекеті ауыр қылмыс санатына жатқызылды. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, сот «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы – Ақадыр машиналандырылған жол қашықтығы мекемесі басшыларының назарын теміржол саласында ұқсас жағдайлардың алдын алу үшін шаралар қолдануға бағытталған жекеше қаулы қабылдады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ұлытау облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *