15 жәбірленушінің ақшаларын алдап алып кеткенге үкім оқылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бөтеннің мүлкін алдау жолымен бірнеше рет жымқырып, алаяқтық жасады деп, ҚР ҚК-нің 190- бабы 3- бөлігінің 1,4- тармақтары мен айыпталған Д.- ға, 15 дерек бойынша қылмыстықтық іс қаралып, үкім жарияланды.
Д., жұбайының жақын туыстарын, сондай-ақ басқа да таныстарын алдау арқылы Кореядан көлік құралдарын тиімді бағамен және Астана қаласында мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып ала аламын деген сылтауымен 2023 жылғы желтоқсан мен 2024 жылғы тамыз аралығында жалпы сомасы 57 миллион теңгеден астам 15 жәбірленушінің ақшалай қаражатын бірнеше рет ұрлап кеткен.
Сот үкімімен Д., ҚР ҚК-нің 190- бабы 3- бөлігінің 1,4- тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, жасалған қылмыстардың мән-жайларын, олардың ауырлығын, жәбірленушілерге келтірілген залалдардың өтелмеуін, жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болуын ескере отырып, сотталушыға 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Астана қаласы