Кеуде тұсынан пышақпен қасақана бір соққы беріп, оқиға орнынан бой тасалаған. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпаратагенттігі жариялады.
2024 жылғы 23 желтоқсанда Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты П.-ға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 106 бабы 1- бөлігімен сараланған  қылмыстық істі қаралып, үкім жарияланды.
Ағымдағы жылдың шілде айында. П., алкогольдік масаң күйде болып, Павлодар қаласы Камзин көшесіндегі үйдің кіреберісінде болып, туындаған жанжал кезінде бұрынғы танысы Я.-ның кеуде тұсынан пышақпен қасақана бір соққы беріп, оқиға орнынан бой тасалаған. Осылайша Я.-ның денсаулығына ауыр зиян келтірген.
Осыны, сондай-ақ кінәсін мойындауын, істеген ісіне өкінуін ескере отырып, сот П.-ға қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеумен 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
П.-дан жәбірленушінің емделуіне жұмсалған 102 243 теңге материалдық шығын мемлекетке өндірілді. Ал соңғысының пайдасына П.-дан 2 000 000 теңге моральдық зиян өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Павлодар облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *