Жоғары Сот Кеңесінің бастамасымен Кеңес Төрағасы Дмитрий Малаховтың Астана қаласы сотының қызметкерлерімен кездесуі өтті. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сот кеңесі мәлімдеді.
Іс-шараға Кеңес мүшелері, Астана қалалық сотының төрағасы Ақан Жұмағұлов, қалалық Сот әкімшілігі департаментінің басшысы Елдос Жұмаксанов, Астананың сегіз аудандық сотының және қалалық соттың мамандары қатысты.
Жалпы кездесуге 200-ден астам маман қатысты.
Кеңес төрағасы Д. Малахов сот қызметкерлерінің алдында сөйлеген сөзінде, кездесудің негізгі мақсаттарын атап өтті.
«Жоғары Сот Кеңесінің қызметі ашық және айқын болып табылады. Соңғы уақытта судьялық лауазымның тартымдылығын арттыруға мүмкіндік беретін ықтимал шаралар қабылданып жатыр. Сот жүйесінің қызметкерлері судьяларға әлеуетті кандидаттар болып табылады, өйткені олар соттардың жұмысымен және олардың ерекшеліктерімен үнемі байланыста. Мұндай мамандар сот жұмысынан жеткілікті тәжірибе мен кәсіби дағдыларды ала отырып, судьялар корпусын толықтыруы тиіс», — деп атап өтті Д.Малахов.
Кеңес мүшелері Н.Сисенова, Г.Шаров, А.Жакулин Жоғары Сот Кеңесі қызметінің сот жүйесінде кадр саясатын іске асыратын орган ретіндегі тарихи-құқықтық және ұйымдастырушылық ерекшеліктері туралы ақпарат берді.
Кеңес қызметінің негізгі бағыттарының бірі судья кадрларын іріктеу кезінде HR-менеджменттің барлық заманауи компоненттерін пайдалану екенін атап өтті.
Кездесуге қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Астана қаласы