ҚР Жоғарғы Соты, Республика бойынша 2024 жыл қорытындысын жасады. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов өз сөзінде соттарға келіп түскен азаматтық істер мен материалдардың 2023 жылғы 915 мыңнан 2024 жылы 1,2 миллионға дейін өскенін атап өтті. Жүктеменің артуына байланысты соттар бұзылған құқықтарды қорғауда сот төрелігінің тиімділігін сақтап қалды. Жергілікті соттардың барлық шешімдері бойынша апелляцияда 1,5%, ал кассацияда — 0,1% ғана түзетілген.
Аяқталған медиативтік істердің 43,2%-дан астамы татуласу арқылы шешілді, 2023 жылы бұл көрсеткіш 42,3% болған.
Эксаумақтық соттылық дамуда. Биыл 1977 іс эксаумақтық соттылық арқылы қаралды.
Жоғарғы Сот азаматтық даулардың әртүрлі санаттары бойынша сот практикасына 24 қорыту мен талдау жүргізіп, 38 нормативтік қаулыны мемлекеттік тілде жаңартты.
Астана қаласы