ҚР Жоғарғы Соты, Республика бойынша 2024 жыл қорытындысын жасады. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Жоғарғы Сот, әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев 2023 жылмен салыстырғанда, 2024 жылы талап қоюлар 5 пайызға артқанын атап өтті.
Жұмыс көлемінің артуы жағдайында әкімшілік соттар мемлекеттік органдармен даулар бойынша азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етті. Мемлекеттік органдарға қойылған талап қоюлардың 58 пайызы қанағаттандырылды, даулардың 52 пайызы бизнес пайдасына шешілді.
Сот актілерінің 13 пайызы апелляцияда, 19 пайызы кассацияда түзетілген. Көбінесе даулар тұрғын үй, салық және жерге қатысты болды.
ӘРПК бойынша «Әкімшілік істер бойынша сот шешімдері туралы» Жоғарғы Соттың бірінші нормативтік қаулысы қабылданды.
А.Түкиев біртұтас әкімшілік практиканы қалыптастыру міндетін, сондай-ақ әкімшілік рәсімдер мен актілердің біркелкілігі қағидасын заңнамалық тұрғыдан бекітудің маңыздылығын атап өтті. Бұл түзетулер мемлекеттік органдардың әкімшілік рәсімдерді сақтауын қамтамасыз етуге және олар шығаратын актілердің сапасын арттыруға бағытталған.
Астана қаласы