ҚР Жоғарғы Соты, Республика бойынша 2024 жыл қорытындысын жасады. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Кеңесте сөз алған ЖС қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина биыл да қылмыстық істердің түсуі 5,9 пайызға артқанына тоқталды.
Осыған қарамастан, бұл бойынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасы жақсарды: күші жойылған және өзгертілген сот актілерінің апелляциядағы үлесі — 4,8%, ал кассацияда – 1%.
 Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың үлесі 3,8%-ға өсті, бұл ретте айыппұл және қоғамдық жұмыстарға сотталғандар санының өсу үрдісі жақсы байқалады.
Соттармен қамауға алуды санкциялау туралы өтінішхаттар саны өткен жылғы 75,8%-бен салыстырғанда 74,5%-ға дейін азайды.
 Соттар үйқамаққа алуды, тергеу органдары бастамашыл болғаннан, 5 есеге, кепілді — 8 есеге көп қолданды.
 2024 жылы электронды бақылау құралдары үйқамақтағы адамдардың 60%-ында қолданылған (2021 жылы бұл көрсеткіш 3%-дан аспаған).
 Ағымдағы жылы қылмыстық құқық және процестік мәселелері бойынша 12, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама бойынша 1 нормативтік қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Астана қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *