Қаржы пирамидасын құрған және оған жетекшілік еткендерге үкім жарияланды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында ұйымдасқан топ құрды, қаржы пирамидасын құру және оған жетекшілік еткен, аса ірі көлемде ақша мен мүлікті тарту мақсатында айыпталған 6 адамға қатысты ҚР ҚК-нің 217- баптың 3-бөлігі, 1), 2)-тармақтары, 262 баптың 1, 2 бөлігі бойынша сараланған іске сот үкім шығарды.
2014 жылы сотталушылар акцияларды шығарумен айналысатын «L-CAPITAL» АҚ-н, сондай-ақ еншілес компаниялар «L-CapitalFinance» ЖШС-гін, «Бай-Quat» ЖШС-гін, «AlemGroup Group» ЖШС-гін және «Береке» қаржылық сауаттылық орталығы» ЖШС-н құрып, олар арқылы акциялар өткізілді.
Бұл компаниялардың директорлары акционерлік қоғамның басшылары мен бұрынғы жұмыскерлерінің туыстары болды.
Сотталушылар жылдық 24-тен 30%-ға дейін сенімгерлік басқару шарттарын жасасу және АҚ-ның акцияларын сатып алу-сату сылтауымен салымшылардан қаражат тартқан. Олар жылдық 15% табысқа уәде беріп, басқа клиенттерді – жаңа салымшылар тарту үшін бонустық бағдарлама енгізген.
Бұл ретте салымшылардың назарына сатып алынған акциялардан түскен қаражат ұлғайып, міндетті түрде пайда әкелетіні туралы жалған ақпарат жеткізілді, ал шын мәнінде кейбір салымшылардың қаражаттары басқа салымшылардың арасында қайта бөлінді.
Сотталушылар қылмыстық кодекстің 217-баптың 3-бөлігі 1), 2) тармақтарымен, 262-баптың 1), 2) –бөлігі бойынша кінәлі деп танылып 7 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталушылардан жәбірленушілердің пайдасына келтірілген 4,5 миллиард теңге залал өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Алматы қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *