Терроризмді насихаттаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында А.-ға қатысты, ҚР ҚК-нің 256-бабының 1-бөлігінде көрсетілген, яғни терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру, сол сияқты көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату бойынша айыпталған азаматқа сот үкім оқыды.
Сотталушы 2024 жылдың шілде айында Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Қапал батыр көшесінің бойында орналасқан моншада М., Е. және Ж.-мен кездесіп, «Мұсылман бауырлар» (аль-Ихван аль-Муслимун) террористік ұйымын қолдап, қарулы жиһад жасап, шахид болуға, хижрат жасауға қатысуға шақыруды насихаттаған.
Сот, А.-ға ҚР ҚК-нің 256-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Шымкент қаласы