«Қазақтың батыр қызы» деп танылған сот төрағасы жиын өткізді.  Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының ұйымдастыруымен «Шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға қатысты атқару парақтарын орындауда туындайтын мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы А.Қ.Орақбаева және осы соттың судьялары, Сот әкімішісінің басшысы С.Ғ.Қойшыманов, Шымкент қаласы прокурорының көмекшісі Б.К.Мирзалиев пен Шымкент қаласы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары А.Ж.Сартбаева және Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары М.Н.Исабеков пен Шымкент қаласы Әділет департаменті Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі бөлім басшысы Аға сот орындаушысы Н.Н.Серік қатысты.
Іс шараның мақсаты — шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға қатысты атқару парақтарын орындауда туындайтын мәселелерді талқылау, осы бойынша бірыңғай тәжірибені қалыптастыру.
Сот төрағасы А.Орақбаева жиынды аша отырып, қазіргі таңға дейін осы мәселе әлі шешімін таппай жатқандығын, шетел азаматтарына қатысты қылмыстық істерді қарау барысында сот шығындарын, жәбірленушінің өтемақы корына төлету мүмкіншілігі жоқ екендігін және осы бойынша сот орындаушыларға орындауға жолданатындығын, алайда ол орындаусыз кері қайтарылатындығын атап өтті.
Жиынға қатысушылар азаматтығы жоқ тұлғаларға қатысты атқару парақтарын орындауда туындайтын мәселелері бойынша бірқатар сұрақтарды талқыға салып, өзара пікір бөлісті.
Іс шараны қорытындылай келе, аталған мәселені толыққанды шешу мақсатында Шымкент қаласының прокуратурасымен, Көші-қон полиция басқармасымен және Қылмыстық атқару жүйесінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен меморандумға отыру үшін дөңгелек үстел ұйымдастыру қажеттілігі ұсынылды.
Сот төрағасы алдағы уақытта бірыңғай тәжірибені қалыптастыру қажеттілігіне назар аударып, іс шара қатысушыларына пікір бөліскендері үшін алғысын білдірді.
Шымкент қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *