Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде иемденіп алды деп, ҚР ҚК- нің 189-бабы 3-бөлігінің 1- тармағымен айыпталған А.-ға қатысты үкім шығарылды.
А., ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» (бұдан әрі – Кәсіпорын) бас бухгалтері болып жұмыс істей отырып, материалдық жауапты тұлға бола тұра, қызметтік жағдайын пайдалана отырып, кәсіпорынның шотынан жалақы түріндегі қолма-қол ақшаны заңсыз шешіп алып, сол арқылы мемлекетке жалпы сомасы 2 млн. 750 мың теңгеге ірі мөлшерде материалдық залал келтіре отырып, өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденген.
Сот үкімімен А.ға ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлігінің 1- тармағы бойынша кінәлі деп танылып, ҚР ҚК-нің 58-бабы 3, 6-бөліктері негізінде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024- жылғы 14- тамыздағы үкімінің болуын ескере отырып, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекет үлесі 50%-дан асатын ұйымдарда материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, түпкілікті 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Астана қаласы