Жол- көлік оқиғасынан бір адам қайтыс болған. Үкім оқылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
 Қостанай аудандық сотында абайсызда адамның өліміне әкеп соққан көлік құралын басқарған адамның жол ережесін бұзуы бойынша Р.-ға қатысты  ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі айыпталған азаматқа сот үкімі жарияланды.
 2024 жылғы 3 қазанда Тобыл қаласында, автожолдардың қиылысында «ВАЗ 21043» маркалы автомашинаның жүргізушісі Р., екінші реттік жолмен жүріп келе жатып, жол қозғалысы ережелерін елемей, «Қостанай-Мамлютка» А-21 автожолында «Қостанай-Мамлютка» автожолының басты жолымен қиылысқа шығып «ГС 14.02» маркалы «Автогрейдер» көлік құралының маңдай үйіндісімен соқтығысқан.
 Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ 21043» маркалы автокөліктің жолаушысы К. алған жарақаттарынан қайтыс болды.
 Сот үкімімен Р.-ға ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтей отырып, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен 5 жыл мерзімге айналысу құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
⚖️Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қостанай облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *