Балаларына алимент төлеуден жалтарған әкеге үкім оқылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында борышкер С. ға қатысты, ҚР ҚК-нің 139-бабында (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді 3 айдан астам орындамау) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыппен сотқа берілген іске сот нүктесін қойды.
Сот бұйрығымен сотталушы С. жәбірленуші пайдасына 2 баласын асырап-бағу үшін табысының немесе өзге де кірісінің 1/3 мөлшерінде ай сайын алимент төлеуге міндеттелген. Алайда, С. сот бұйрығын үш айдан астам орындамай, алимент төлеу міндеттерін орындаудан жалтарған, оның 2021 жылғы 9 тамыздан бастап 2024 жылғы 31 қазанға дейінгі аралықтағы алимент бойынша берешегі 3 789 720 теңгені құраған, берешекті өтеуге шаралар қолданбаған.
Соттың 2025 жылғы 9 қаңтардағы үкімімен С. , ҚР ҚК-ның 139-бабымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, осы баппен оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Маңғыстау облысы