Жас баланы, ваннаға су толтырып, тұншықтырып өлтірген. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 99-бабының 3-бөлігімен (жас баланы өлтіру) айыпталған Қ.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Қ. 2024 жылдың маусым айында Шымкент қаласы, Ақпан батыр көшесі бойында орналасқан жалдамалы пәтерінде өзінің туған әпкесі М.-нің 2018 жылы туған қызы Е.-нің ұйқысынан оянып, айқайлай бастағанына ашуланып, жасөспірімнің аяқ-қолын біріктіріп байлап, ұрып-соғып, еденге құлатқан, соның салдарынан жасөспірім есінен танып құлаған.Әрі қарай, ваннаға су толтырып, тұншықтырып қасақана өлтірген.
Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде бұрын сотты болмағанын ескерді, ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот, Қ.-ны ҚК-тің 99-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген.
сурет шартты
Шымкент қаласы