Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен кісі өлтірді деген айыппен П-ға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі және қылмысты жасырды деген айыппен Л-ға қатысты ҚР ҚК-нің 432-бабы бойынша сараланған қылмыстық іс қаралып үкім жарияланды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Сотпен анықталғандай, сотталушы П. сотталушы Л-дің пәтерінде болған кезде, жәбірленуші К. — мен бірге алкогольдік ішімдік ішкен. Содан, П. мен К. арасында өз ара келіспеушілік туындап, жанжал орын алған. Жанжал барысында сотталушы П. қасақана адам өлтіру ниетімен, жәбірленуші К-нің бетінен бірнеше рет соққы жасап, кейін үстелден үстінен пышақ алып, оның іш аймағына қасақана бір соққы жасаған. Аталған әрекеттердің салдарынан жәбірленуші К. алған дене жарақаттарынан қайтыс болған.Жасалған қылмыстан кейін, сотталушы Л. аса ауыр қылмыстың іздерін жасыру және қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында К. — ның мәйтін бөлшектеуге және оның бөліктерін әртүрлі жерлерге жасыруға шешім қабылдаған.
Сот үкімімен сотталушы П., ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 11 жыл мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды.
Сотталушы Л., ҚР ҚК-нің 432-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақтөбе облысы