Абайсызда адам өлтіргенге үкім жарияланды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Байғанин аудандық сотында қасақана ауыр дене жарақатын салу нәтижесінде, ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі яғни абайсызда өлімге әкелді деген айыппен сотталушы А-ға қатысты қылмыстық іс қаралып үкім жарияланды.
Сот анықтағандай, 2024 жылдың тамыз айында сотталушы А. мен жәбірленуші Ш. арасында жеке бас араздығы туындаған. Жанжал барысында А. жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіру мақсатында, тергеумен анықталмаған таяқ тәріздес затпен оның басынан ұрған. Соның салдарынан жәбірленуші ауыр жарақат алып, біраз уақыттан кейін есінен танып, Темір аудандық ауруханасына түскен кезде қайтыс болған.
Сот үкімімен сотталушы А., ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, сот жәбірленуші тараптың азаматтық талабын ішінара қанағаттандырды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақтөбе облысы