Алқабилердің шешімімен 12 сотталушы ақталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сот алқабилердің қатысуымен қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 12 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қарады.
Қылмыстық қудалау органы ҚАЖК қызметкерлерін Атбасар қаласының мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған адамдарға әсер етудің рұқсат етілмеген әдістерін қолданды деп, ҚР Қылмыстық Кодексінің 146-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы мен айып тағылған.
Алқабилер сотымен іс қаралғанда қылмыс оқиғасының болуы, сотталушылардың кінәсі туралы шешім дауыс беру арқылы қабылданады.
10 алқаби мен 1 судьяның әрқайсысы бір дауысқа ие. Дауыс берудің артықшылығы жоқ.
Кеңесу бөлмесінде дауыс беру нәтижелері бойынша алқабилер көпшілік дауыспен сотталушылардың кінәсіздігі туралы шешім шығарды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ақмола облысы