Дубай шоколадын жеткізу және сатуды  сылтауратқан адам сотталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
2025- жылғы 11- ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты,  бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған А.-ға қатысты  ҚР  ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағы мен айыпталған адамға  үкім шығарды.
А., Астана қаласында «Дубай шоколадын» жеткізу және сату туралы «Олх» сайтында хабарландыру жариялап, бірақ мұндай мүмкіндікке ие болмаса да WhatsApp қосымшасы арқылы өзінің банктік шотына ақша аударуды сұрап, ақша қаражаты түскеннен кейін жәбірленушілердің телефон нөмірлерін бұғаттап, 9 жәбірленушіге жалпы сомасы 176 300 теңге залал келтірген.
 Сот сотталушыны бас бостандығынан айырмауды сұраған жәбірленушілердің ұстанымын ескере отырып, оған 3 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.
 Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Астана қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *