Сотта жалған күәлік еткені үшін сотталып кетті. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Ақмола облысы Астрахан аудандық соты жалған айғақтар бергені үшін азамат Б.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 420-бабының 2-бөлігімен айып тағылып іс сотта қаралды.
Айыпталушы Б.  қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеу барысында жауап алу кезінде  куә ретінде болған оқиға бойынша өз айғақтарын берген. Бірақ сотқа Б. басқа айғақтар берді, Қылмыстық кодекстің 420-бабы бойынша жалған айғақтар беру үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілгенін білсе де ант бере тұра жалған айғақ берген. Сот отырысында Б. айғақтарды бірнеше рет өзгертіп, достық қарым-қатынаста болған сотталушыға көмектесу үшін сотты адастыруға тырысқан.
 Өз кінәсін мойындаған Б. сот үкімі мен  шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылып, оған пробациялық бақылау белгіленді.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Ақмола облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *